скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Департаменттің қызметі туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет icтepi және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы ic-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің
2018 жылдың 12 айына арналған жұмыс қорытындысы бойынша ақпарат

Мемлекеттік қызметті өткеру бағыты бойынша:

2019 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілердің штат саны 4699 бірлікті құрады.

Нақты саны 4382 адам құрады.

Мемлекеттік органдардағы бос орындар саны 317 бірлікті құрайды. Штаттың қамтылу көрсеткіші – 93,2%.

Мемлекеттік органдардағы әйелдер саны 2538 адам немесе мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 58,0% құрайды

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жас мөлшері 37,8 жыл.

Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейіне талдау келесіні көрсетті:

- жоғары біліммен – 3901 немесе 89,0%.

- ортадан кейінгі кәсіби біліммен  – 479 немесе 10,9%.

- орта біліммен – 2 немесе 0,1%.

Мемлекеттік қызметтегі орташа өтіл 9,5 жыл, орналасқан лауазымындағы өтілі бойынша орташа еңбек өтілі 3,5 жыл құрады.

2018 жылы 141 адам немесе 5,3% мемлекеттік қызмет жүйесінен шығып кетті.

2018 жылы Ақтөбе облысында барлық санаттар бойынша 2309 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс жарияланды. Жеңімпаздар саны – 1249.

Өткізілген конкурстар нәтижесінде қалған бос лауазымдар саны – 1060 (46,0%).

Конкурсқа қатысушылардың болмауының бір себебі тестілеуден өту пайызының төмендігі болып отыр. 2018 жылы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға және алғаш құқық қорғау органына орналасуға тілек білдірген 5389 үміткер тестілеуден өтті. Оның 1929-і немесе 35,7% тестілеудің шекті мәнінен жоғары нәтижесіне қол жеткізді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш түскен тұлғаларға тәлімгерлерді бекіту Ережесіне сәйкес 2018 жылы 370 тұлғаға тәлімгерлер бекітілді.

2018 жылы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында 1531 мемлекеттік қызметші оқытылды.

Мемлекеттік қызмет саласын бақылау және Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету бойынша:

2018 жылдың 12 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 10 отырысы өткізіліп, онда 53 мәселе қаралды:

- тәртіптік істер - 21;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы - 2;

- мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары бұзушылықтарын алдын-алу жөніндегі жұмыс қорытындылары - 13;

- әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің қорытындылары - 5;

- тәртіптік тәжірибені талдау қорытындылары негізіндегі мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының қызметінің нәтижелері - 4;

- басқа да сұрақтар - 8.

Көрсетілген сұрақтарды қарау нәтижесімен 183 ұсыныстар даярланып, оның 178-ы орындалды, яғни 97%.

Аталған мерзімде 21 тәртіптік істер қаралып, 18 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды (2-тоқтатылған, 1-2019ж. қантар айында тартылды).  

Тәртіптік теріс қылықтар түрлері: мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағандығы үшін – 11 тұлға, Әдеп кодексінің нормаларын сақтамағандығы үшін – 7 тұлға.

Қаржылық бақылау қорытындысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 274 бабының 1 бөлігі бойынша 66 әкімшілік іс қозғалды, Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы бойынша ҚР ӘҚБК-нің 154 бабымен 1 әкімшілік іс және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу бойынша ҚР ӘҚБК-нің 99 бабының 1 бөлігі бойынша 5 әкімшілік іс қозғалды. Салынған айыппұлдардың сомасы 6 114 710 тенге құрады, бүгінгі күні бюджетке 4 864 110 теңге сомасында айыппұл төленді (80%).

Өткен 2018 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет заңнамасының сақталуы саласында 30 тексеріс өткізілген (ішінара – 7, жоспардан тыс – 23), нәтижесімен 1 559 кемшіліктер анықталып, тексерістер қорытындысымен 23 мемлекеттік қызметшілер тиісті тәртіптік жазаларға тартылған. 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша:

1. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Ақтөбе облысында 372 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Оның ішінде, 197 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері жергілікті атқарушы органдарымен, 175 түрі орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен көрсетіледі.

2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу есебіндегі ақпаратына сәйкес Ақтөбе облысында жалпы 7 670 809 мемлекеттік қызметтер  көрсетілді,

оның ішінде:

ЖАО - 6 112 375  (қағаз түрінде – 751 789  және баламалы тәсілмен– 155 863 немесе 15%, Мемкорпорация арқылы – 135 357 немесе 2%,  электронды нұсқада – 5 069 366 немесе 83%.) мемлекеттік қызмет көрсетілді (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 4 773 316 қызмет көрсетілген, оның ішінде электронды түрде көрсетілгені - 22%),

ОА ОАБ - 1 558 434 (қағаз түрінде – 99 418 және баламалы тәсілмен– 63 778 немесе 10%, Мемкорпорация арқылы – 539 811 немесе 35%,  электронды нұсқада – 855 427  немесе 55%.) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2. Департаментпен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 80 бақылау шаралары (ішінара – 9,  жоспардан тыс – 55, ҚР Президентінің Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша - 16) жүргізілді (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 44 бақылау шаралары жүргізіліп, онда 929 заң бұзушылық анықталды).

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласында 3279 заң бұзушылықтар анықталды. Ең көп орын алған бұзушылықтар:

- стандартпен белгіленген құжаттардың толық топтамасының болмауы – 29 жағдай (жалпы анықталған заңбұзушылықтың 0,88%);

- стандартпен көзделмеген немесе оларды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігі бар  мемлекеттік қызметтер бойынша артық құжаттарды талап ету – 126 жағдай (жалпы анықталған заңбұзушылықтың 3,8%);

- регламентпен көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу – 1073 жағдай (жалпы анықталған заңбұзушылықтың 32,7%);

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу - 1197 жағдай (жалпы анықталған заңбұзушылықтың 36,5%);

 - мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту – 8 жағдай (жалпы анықталған заңбұзушылықтың 0,2%);

- өзге де орын алған заң бұзушылықтар – 846 жағдай (жалпы анықталған заңбұзушылықтың 25,8%)

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында ең көп тараған бұзушылықтар анықталды:

- құжаттама саласында (Ақтөбе облысы бойынша қорғаныс істері департаменті, Ақтөбе облысының ауылшаруашылығы басқармасында, Байғанин аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде) 1284 заңбұзушылық (жалпы анықталған заңбұзушылықтың 42%);

- ауылшаруашылығы саласында (ҚР АШМ АӨК МИК Ақтөбе облыстық және қалалық аумақтық инспекциясы) 1017 заңбұзушылық (жалпы анықталған заңбұзушылықтың 33%);

- көлік және коммуникация саласында (Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде, Хромтау аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде, Байғанин аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде) 455 заңбұзушылық (жалпы анықталған заңбұзушылықтың 15%);

Анықтама үшін: орын алған заң бұзушылықтар бойынша түрлі тәртіптік жауапкершіліктерге 30 лауазымды тұлға тартылды (оның ішінде: «ескерту» - 21, «сөгіс» - 7, «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» - 2).

3. Департаментпен ҚР ӘҚБ Ко 465-бабына сәйкес 43 әкімшілік іс қозғалып, 1 548 820 теңге көлемінде айыппұл салынды. Мемлекеттің пайдасына 1 497 370 теңге немесе 97% өндірілді.

Анықтама үшін: 43 әкімшілік істің 21 жер қатынастары саласына қатысты (Ақтөбе қалалық – 2, Мәртөк – 2, Хромтау – 2, Темір – 13 және Қарғалы – 2 аудандық жер қатынастары бөлімдерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімдерін бұзуы), 5 білім саласына қатысты (білім саласындағы бақылау департаментімен мерзімдерді бұзуы), 3 көлік және коммуникация саласына қатысты (Ақтөбе қалалық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімімен мерзімдерді бұзуы), 5 ауылшаруашылығы саласына қатысты (ҚР АШМ АӨК МИК Мәртөк, Қобда аудандық  инспекциясымен, ҚР АШМ ВБжҚК МИК Мәртөк аудандық  инспекциясымен, Қарғалы аудандық ветеринария бөлімімен мерзімдерді бұзуы), 3 табиғатты қорғау саласына қатысты (табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен мерзімдерді бұзуы), 3 бизнес және кәсіпкерлік саласына қатысты (Ақтөбе облысының мемлекеттік кірістер департаменті мерзімдерді бұзуы).

4. Есептік кезеңде Департаментке 25 өтініш келіп түсті, оның ішінде 20 қаралды (3-арызданушы өз өтініші бойынша қараусыз қалдырылды, 2-арыз басқа мекемеге жолданды).

Талдау барысында көбіне қызмет алушылар мемлекеттік органдардың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім мен ғылым, сонымен қатар ауылшаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі әрекеттеріне шағымданады.

Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 4 қызмет алушының (аз. Кенжебаев Р.А., аз. Куатова Э.С. және аз. Мергалиев Д.Т., аз. Изтлеуова А.К.) бұзылған құқықтары оларға «жұмыс іздеп жүрген адам ретінде әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарламасын», «жалпы орта білім аттестатының дубликатын», «карантинді сертификат» мемлекеттік қызметінің нәтижелерін беру арқылы қалпына келтірілді.

Анықтама үшін: қызмет алушылардың бұзылған құқықтары бойынша «сөгіс» пен «ескерту» тәртіптік жауапкершіліктеріне «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Жұмыспен қамту орталығы» КМК жоғары дәрежелі маманы Ж.Маясарова (26.03.18 ж. №91 бұйрық),  «Әйтеке би аудандық білім бөлімі» ММ «Белқопа орта мектебі» КММ директор м.а. Р.Д.Қолқанатова (26.06.18 ж. №117 бұйрық), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің құжаттама бөлімінің басшысы И.Ж.Камиева (02.10.18 ж. №831-жқ бұйрық) тартылып, «ҚР АШМ АӨК МИК Қобда аудандық аумақтық инспекциясы» ММ басшысы м.а. Б.С.Қалиеваға қысқартылған өндіріспен әкімшілік айыппұл салынды.  

5. МҚІСЖҚІҚ Агенттігі Агенттік Төрағасының тапсырмасына сәйкес «Digital Agent» («Цифрлық агент») мобильді қосымшасын іске қосты.

Ұсынылған қосымша нақты уақыт режимінде Мемлекеттік корпорациясымен, мемлекеттік кірістер органдарымен, медициналық ұйымдармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты  Агенттік пен оның аумақтық органдарын дер кезінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде ХҚКО-тары мен Арнайы мамандандырылған ХҚКО-тары көрсететін қызметтерді бағалау қарастырылып отыр.

Кейіннен МҚІСЖҚІҚА қосымшаны өзге қызмет көрсететін қызмет берушілерге,  мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға таратып іске асырады.

Халықпен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау талаптарында сыпайылық пен қызметшінің кәсіби этикасы, әкімшілік кедергілер, күту уақыты, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған қолайлы жағдайлардың болуы мен басқа да бағалаулар қарастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау 5-балдық жүйе бойынша жүргізіледі.

Бұдан басқа, мемлекеттік мекемелермен көрсетілген қызметті «Digital Agent» қосымшасымен бағалау кезінде оған шағымдар мен өтініштерді тіркеуге,  фото/видео, аудиоматериалдарды қосуға мүмкіндік бар.

Азаматтың қосымша арқылы қандай да бір мәселелермен/сұрақпен байланысқанынан кейін, көрсетілетін қызметті берушілерге оны шешуге 5 минуттан 10 минут аралығында уақыт беріледі, содан кейін мәселелерді шешуге мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылауды іске асырушы орган ретінде біз қосыламыз.

Осылайша, біздің мекеме «постфактум» бұзушылықтарды мониторингілеуден азаматтардың проблемаларын барынша оперативті түрде шешуге көшеді.

Осымен қатар, автоматтық режимде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тарауында, меморгандар және т.б. статистикалық деректері мен рейтингілері қаралып отыратын болады.

Жоғары технологиялы жобаларды енгізу арқылы тұрғындарға қызметтерді көрсету барысында ыңғайлылық пен мобильділікті қамтамасыз етеді.

Мысалға, 2018 жылы тұрғындардан 302 оң пікір (тұрғындардың қызмет беру саласына қанағаттануы бойынша) түсті.

6. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен колледждерде және жоғары оқу орындарында студенттерге қызмет көрсету орталықтарын ашу бастамасы қолға алынған.

Қазіргі таңда, қаламыздағы 4 жоғары оқу орындарында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде, Қазақ-орыс халықаралық университетінде және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде студенттерге қызмет көрсету орталықтары мен «өзіне-өзі электрондық қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс жасауда.

СҚКО ашылуы оқу үдерісінің ақпараттық ашықтық пен оқу процесінің айқындығын дамытуға, сервистік қызметті оңтайландыруға, өзара сыйластық мәдениеті мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбейтін ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде студенттерді жатақханаға орналастыруға электрондық жаңалығын енгізу бойынша Қазақстандағы алғаш университет болды.

«Сириус» жүйесі бөлмелерді бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді, өтініш берушімен тікелей байланысты жояды, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға ықпал етеді.

Анықтама үшін: «Бағдарламаға өтініш тастап, студенттер ЭЦҚ-ны онлайн қояды және төлемді төлейді. Содан кейін олар түбіртектің суретін түсіріп, оны түбіртек бөліміне бекітеді. Осыдан кейін олар қоныстану туралы шешім қабылдайды және жатақханаға орналаса алады.

Сонымен қатар бүгін Ақтөбе облысының 37 орта арнайы білім беру мекемесінде «электронды өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша:

2018 жылдың басынан бастап Департаментпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша 1375 семинарлар мен лекциялар, 395 дөңгелек үстел, 12 конференция мен форумдар және 31 интеллектуалдық ойындар мен байқаулар өткізілді.

2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың кешенді жоспары жүзеге асырылып, жоспар аясында 12 күнтізбелік іс-шара өткізілді.

Мысалы, 2018 жылдың 21 желтоқсанында Агенттік төрағасы А.Ж.Шпекбаевтың және Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың қатысуымен халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған шара өткізіліп, Ақтөбе облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар қорытындыланды.

Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.

«Үгіт» жобасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстарымен барлық мақсатты топтар қамтылды.

- 150 мемлекеттік орган;

- 840 білім беру ұйымдары;

- 42 денсаулық сақтау мекемелері;

- 232 коммерциялық ұйым (46 мемлекеттік кәсіпорын, 61 шаруашылық серіктестік, 62 акционерлік қоғам, 4 өндірістік кооператив және 59 шетелдік компаниялар)

- 512 коммерциялық емес ұйымдар (22 қоғамдық бірлестік, 10 қор мен ассоциациялар, 12 өзін-өзі реттейтін ұйымдар, 284 пәтер иеленушілердің кооперативі)

Сонымен бірге, аталған жоба аясында облыста жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 129 369 плакаттар мен 214 баннер орнатылып, 349 118 коммуналдық қызмет түбіртектері таратылды.

Департаментпен Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіліктерін атқару кезінде қабылдаған сыйлықтары бойынша жаңа дизайндағы жаднама дайындалып, барлық мемлекеттік органдарда орнатылғанын ерекше атап өткім келеді.

«Таспа» жобасы аясында Департаментпен 162 әлеуметтік сұхбат пен 9 вайн орналастырылды.

Сонымен бірге, қаланың орталық көшелерінде орналасқан 12 LED-экранда, 110 қоғамдық автобуста және вокзал мен әуежайда, 11 ХҚКО-да, 28 денсаулық сақтау мекемелерінде, 170 білім беру ұйымдарында, 9 спорт мектептерінде, 23 мәдениет ұйымдарында, «Керуен сити», «Астана», «Нектар» сауда үйлерінде, банктерде, гипермаркет және супермаркет желілерінде бейнероликтер күнделікті трансляциялануда.

Өңірлік «Aqtobe» және «Рика ТВ» телеарналарында ай сайын 4 реттен бейнероликтердің трансляцияланатынын атап өткен жөн.

«Әдебиет» жобасы бойынша облыстық кітапханаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 60 кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен бірге, аталған 14 көрме білім беру мекемелерінде ұйымдастырылды. Департаменттің бастамасымен адамдар көп жиналатын орындарда мобильді кітап көрмелері ұйымдастырылды.

«Мұражай» жобасы бойынша облыстың 16 мұражайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған арнайы бұрыштар мен ең үздік сурет байқауларының жұмыстары орналастырылған көрмелер ұйымдастырылды.

«Театр өнері» жобасы бойынша жыл басынан бері 270 қойылым көрсетілген.

Мысалы, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрындағы «Ревизор» қойылымы  6730 көрермен жинады. Аталған театрландырылған қойылымда басты рөлдерді мәдениет саласының танымал өкілдері – Болат Әбділманов пен Айгүл Иманбаева сомдады.

Сонымен қатар, «Жас ART» тетралдық клубымен «Жемқорлыққа жол жоқ» қойылымы «KeruenCity» сауда-ойын-сауық орталғында, ІІ Азаматтық бастамалардың өңірлік конгресінде және Қобланды Батыр атындағы орталық стадион алаңында қойылып, жалпы алғанда 900-ден астам көрермен жинады.

«Мектеп» жобасы бойынша облыстың барлық мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы тетатрландырылған қойлымдар, эссе, бейнеролик, сурет байқаулары өткізілді. Жалпы алғанда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мүшелерінің қатысумыен 1200-ге жуық іс-шара өткізілді.

Ақтөбе облысында 2018 жылдың қорытындысына сәйкес 3 облыстық «Адал ұрпақ» слеті өткізіліп, Агенттіктің жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры А.Т.Бердалин, блоггерлер ассоциациясының президенті Г.С.Байтук және республикалық АМТ төрайымы А.С.Соловьева мен республикалық арнайы мониторингтік топ мүшесі Алдан Менкеев қатысты.

Сонымен қатар, жоба аясында, ағымдағы жылы мектептердегі ата-аналар комитеттерімен және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының үйлестірушілерімен кездесу өткізіліп, Ақтөбе облысындағы жұмыстардың басымдылықтары талқыланды.

«Жастар» жобасы аясында академиялық адалдық пен студенттік ортада сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамау қағидатын нығайтуға бағытталған «Адал бол» акциясы өткізіліп, әлеуметтік желілерде жоғарғы оқу орындарының 11 бейне үндеулері жарияланды.

Жыл бойы жастар арасында дебаттық турнилер, брейн-рингтер және эссе байқаулары ұйымдастырылды.

«Мансап» Ақтөбе студенттік мемлекеттік қызмет мектебінің 3 маусымы аяқталып, жоғарғы оқу орындарының 16 студенттері білім алып, сертификаттарға ие болды. Департамент аталған жобаны 3-ші жыл жүзеге асырып отырғанын атап өткен жөн.

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Департаментпен «Адал жол – честный путь» марафон-эстафетасы басталып, арнайы туды Мәртөк ауданына табыстау кезінде автошеру мен флэшмоб өктізілді. Автошеру барысында Ақтөбе қаласының орталық көшелеріне арнайы дыбыс күшейткішімен жабдықталған көлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған аудиорликтерді трансляциялады.

Марафонмен Мәртөк, Қобда, Ойыл, Темір, Байғанин, Мұғалжар, Шалқар, Ырғыз, Алға, Хромтау, Әйтеке би, Қарғалы аудандары қамтылды. Эстафетаны қорытындылау шарасы Ақтөбе қаласында өткізіліп, Агенттік төрағасы мен облыс әкімі қатысты. «Адал жол – честный путь» жобасы аясында әрбір ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылды.

Мысалы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған автошерулер, жастар флэшмобтары, қоғамдық кеңес отырыстары, түсіндірме жұмыстары мен бірыңғай сағаттар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен бос орындар жәрмеңкелері, қоғамдық орындардағы жаднама тарату, сурет және кітап көрмелері, фильмдер, бейнероликтер мен қойылымдар көрсетілімі. Аталған шаралардың басым көпшілігі «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мүшелерінің қатысумымен өткізілді.  Нақырақ айтатын болсақ, олар Ойыл ауданында сыбайлас жемқорлықтың салдары баяндалатын «Арылу» қойылымының көрсетілімі, Темір ауданында тұрғындарға арналған «Шындық аспаны астында» деректі фильмінің көрсетілімі, Байғанин ауданындағы ат спорты өкілдерінің шеруі, Шалқар ауданында велоспорт бойынша спартакиада, Мұғалжар ауданындағы еркін күрестен жастар спартакиадасы, Ырғыз ауданында асфальттағы сурет байқауы.

«Мақала» жобасы бойынша мемлекеттік орган басшыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбындағы 165 авторлық мақала жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмысы одан әрі жалғасуда. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарымен 1396 еңбек ұжымдары мен 76 788 қызметкерлері қамтылды. Олардың ішінде Ақтөбе облысындағы 59 шет елдік компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы жаднамалар таратылды.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша Департаментімен бірлесе сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылған қызметкерлердің ұжымындарында 92 қоғам тарапынан өткір пікір қалыптастырған істер бойынша дүсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 10 мамырынан бастап Департаментпен мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында «Азаматтық бақылау» жобасын жүзеге асырылуда. Осылайша, жыл басынан бері «Қоғамдық қабылдау» нәтижесінде 46 ауызша (3 - жазбаша) өтініштер қабылданып, барлығына толыққанды жауап берілді.

Мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде бағаларды асыру мәніне мониторинг жасау жұмысы да жалғасып, 2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 8 893 120 теңгені құрайтын 3 факті анықталды.

«Жолдарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің 10 қадамы» жобасы бойынша 2018 жылы Ақтөбе облысы бойынша полиция департаментінің қатысудан бас тарту себебі бойынша рейдтік шаралар жүзеге асырылған жоқ.

Бұған қарамастан, Департаменттің «whatsapp» нөміріне қызметтік көліктерді қызметтен тыс мақсатта пайдалану фактілері бойынша 10 хабарламасы келіп түсті. 7 факті бойынша Ақтөбе қ. әкімдігіне бағынысты мекеменің, Еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция департаментінің жүргізушілері, Хазірет ауылдық округінің әкімі тәртіптік жазаға тартылды.

Сонымен қатар, Департамент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «2030» әскери бөлімімен бірлесе мемлекеттік тіркеу нөмірлі автокөліктердің «Жайсаң» бекетінде шекараны кесіп өту мәніне мониторинг жүргізілген болатын.

15 маусымда Қобда аудандық ветеринария станциясының басшысы мемлекеттік тіркеу нөмірі 453 AB 04 болатын «SSANG YONG ACTYON SPORTS» автокөлігімен Ресей Федерациясы, Орынбор облысының Ақбұлақ елді мекенінде тұратын туысқанына қызметтен тыс мақсатта барғандығы анықталды.

1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» Ақтөбе облысы бойынша филиалының басшысы мемлекеттік тіркеу нөмірі 699 AR 04 болатын «Skoda»  автокөлігімен шекараны қызметтен тыс мақсатта кесіп өткін.

Мониторинг қорытындысына сәйкес жоғарыда аталған тұлғалардың барлығы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, жобаның 2-ші қадамына сәйкес мемлекеттік жол және көліктік инспекторлардың міндеттері мен жүргізушілердің құқықтары туралы 3200 нұсқаулық таратылды.

Қызметтік көлікті қызметтен тыс мақсатта пайдалану фактісі туралы жергілікті газетте жарияланған сыни мақалаға сәйкес ҚР ІІМ Ақтөбе облысы бойынша арнайы күзет қызметі басқармасының полиция-жүргізушісі жазаға тартылды.

«Қоғамдық бақылау картасы» жобасы бойынша Департаментке 138 өтініш түсіп, барлығына жауап берілгеніндігін атап өткен жөн.

Мысалы 2018 жылдың 19 шілдесінде тегін медициналық  көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енетін медициналық қызмет үшін ақылы емханаға жіберу фактісі хабарланған болатын. Департамент аталған мәселені әрі қарай мән-жайын анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін денсаулық сақтау басқармасының назарына ұсынып, қалалық аурухананың ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметінің алқа шешіміне сәйкес азаматтың жұмсаған қаражаты қайтарылды. Ал дәрігерге ескерту берілді.

Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде ата-аналардан қаражат жинау мәселелері де өткір болып тұр. Департаментке көп көлемде жолданған хабарламалар мониторингі нәтижесінде Ақтөбе қаласының білім бөлімімен ата-аналардан заңсыз ақша-қаражаттарды жинау фактілері үшін мектеп директорларының дербес жауапкершілігін қарау туралы бұйрық жасалды.

2018 жылы арнайы мониторингтік топтың 30 жұмыс сапары және 17 отырысы өткізіліп, анықталған бұзушылықтарды реттеу бойынша 73 ұсыным берілді.

Мысалы, АМТ мүшелері мемлекеттік білім беру гранттарын техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуге бақылаушы ретінде қатысып, аталған іс-шараның қорытындысы бойынша алғаш рет 439 грант бюджетке қайтарылды

Мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты (квази) ұйымдардың қызметкерлері арасындағы мүдделер қақтығысын анықтауға бағытталған мониторингке сәйкес Департамент мемлекеттік органдарға бағынысты ұйымдарда жақын туыстар қызметінің 74 фактісі анықталып, оның 31-і жойылды. Қалған фактілер бойынша мүдделер қақтығысын жою аталған саладағы заңнаманың жетілмеуіне байланысты мүмкін болмай отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы облыстық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сомасын арттыру бойынша Департаментпен жүргізілген жұмыс нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жалпы сомасы 1 000 000 теңгеден 6 315 000 теңгеге дейін көтерілді.

Аталған бағыттағы жұмыс өз жалғасын тауып, 2019 жылы жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сомасы 34 537 000 теңгені құрайды.

Мұндай нәтижеге  сыбайлас жемқорлыққа қарсы 18 жоба енгізу арқылы ғана емес, сондай-ақ Президент Жолдауын түсіндіру, ҮЕҰ дамыту, Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастыру, журналистік қоғамды біріктіру, "Жас Барыс" жастар форумын, жазғы тілдік лагерьді ұйымдастыру, еріктілер қозғалысын дамыту жөніндегі жобалардың техникалық ерекшелігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды енгізу есебінен қол жеткізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау бағыты бойынша Департаментпен 2018 жылы 7 сыртқы талдау жүргізіліп, 7 субъекті қамтылды (мемлекеттік кірістер департаменті: кеден және салық блокі, экология департаменті, Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық бөлімі, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, әділет департаменті, Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі). Департаментпен жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау  барысында 54 тәуекел анықталып, олар бойынша бүгінгі күні 75%-ды құрайтын және Агенттіктің стратегиялық жоспарына сай келетін 41 ұсыным орындалды.

Мысалы, 2018 жылғы ақпан айында мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығымен бекітілген Үлгілік ережеде (бұдан әрі – Үлгілік ереже) көзделген тұрғын үй комиссияларының құрамын бұзуы түріндегі жемқорлық тәуекелі анықтады.

Осылайша, тұрғын үй комиссиясының төрағасы бұрын аудан әкімдерінің орынбасарлары болды, ал бұл жағдай өз кезегінде Үлгілік ережеге сәйкес келмеді.

Департамент ұсынысының негізінде, барлық аудандық және Ақтөбе қаласының әкімдігімен тұрғын үй комиссиясының төрағалары ретінде әкімді енгізу туралы қаулы шығарылды.

Бүгінгі күні Департамент шетелдік және жергілікті инвесторлармен барлығы 4 трлн 163 млрд.теңге соманы құрайтын 24 келісімге қол қойды.

Аталған компаниялардың 13-і Түркия, ҚХР, Словакия, Швейцария, Ресей, Германия және Нидерланды секілді шет ел өкілдері болып табылады.

Бұдан басқа, жобалық кеңсеге 24 өтініш келіп, оның 21-і қысқа мерзімде өз шешімін тапты, ал қалған 3 мәселе бақылауға алынды.

Мысалы, "Green Capital Kazakhstan" ЖШС жылыжай кешенінің құрылысына екі айға созылған мемлекеттік сараптама алу мәселесі екі күн ішінде шешілді. Ал "Gazprocessing" ЖШС басшысының "Қазхром"АҚ аумағы арқылы электр желісін өткізу туралы өтінішіоң шешімін тапты.

«Адал жол» жобасы аясында Департамент көліктік бақылау инспекциясымен бірлесе 18 «Билетсіз жүріс жоқ» акциясы өткізіп, нәтижесінде 20 блитесіз жолаушы, «Узжелдорпасс» ААҚ жолаушы пойыздар құрамының 3 жолсерігі әкімшілік жазаға тартылып, сонымен қатар, техникалық тұрғыдағы 46 бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ, рейд қорытындылары бойынша вагондарда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасалмағандығы анықталып, сондай-ақ пайдалану мерзімі көрсетілмеген төсек-орын жабдықтарын және жеке басын куәландыратын деректері көрсетілмеген билеттері бар жолаушыларды тасымалдау фактілері анықталды. Бірлескен рейд қорытындысы бойынша жауапты ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы тиісті актілер жасалды.

Сондай-ақ, қоғамдық бақылау картасы жобасы аясындағы мониторинг қорытындысы бойынша Департаменттің facebook ресми парақшасына "Алматы-Ақтөбе" бағытындағы пойыздың жолсеріктерімен билетсіз базаматтарды тасымалдағаны туралы бейнеролик жолданды. Департаменттің назарына сәйкес, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» өңірлік филиалы басшылығымен екі жолсерікке қатысты жұмыс шарты бұзылып, пойыз бастығына қатаң сөгіс ретіндегі тәртіптік жаза қолданылды.

«Саналы ұрпақ» жобасы бойынша Ақтөбе облысында 2000-нан астам студенттің басын қосқан 41 студенттік клуб құрылды.

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында облыстық білім басқармасы, барлық ЖОО мен колледждер өкілдерінің қатысуымен фронт-кеңсенің ашылу салтанаты өткізілді.

Жоба аясында ЖОО және колледждердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафета басталды. Бүгінгі күннің өзінде аталған марафон-эстафета 14 білім беру мекемесінен қолдау тапты.

Сонымен қатар, аталмыш жоба аясында 56 іс-шара, олардың қатарында эссе, дебаттар, брейн-рингтер, бейнероликтер конкурсы, студенттерге арналған жатақханалардың жай-күйі мен олардың өмір сүру жағдайына мониторинг жасалды.

Департаментпен ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында "Астана - адалдық алаңы" жобасы негізінде Агенттік Төрағасы және облыс әкімі қатысқан "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесін ашылу салтанаты  ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда жобалық кеңсенің жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді. "Ақтөбе – адалдық алаңы" өз жұмысын әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімшелерінде кешенді сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу нысанында жүзеге асырылатын болады.

Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында мемлекеттік органдар бірінші басшыларының қатысуымен жобалық кеңсенің жұмысы және алдағы уақытқа арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Бүгінгі күні жоба аясында "жеке жауапкершілік" құжатына аудан және қала әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің 14 басшысы қатарынан 259 мемлекеттік қызметшімен қол қойылды.

Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілерінде жобалық кеңсенің ресми парақшалары ашылып, 2019 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленді, сонымен қатар сараптамалық кеңестің құрамы бекітілді.

Жоспарға сәйкес, жобалық кеңсенің қызметкерлері арнайы мониторингтік топтың қатысуымен 2018 жылғы 28-30 желтоқсан аралығында жұмыс уақытында қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс мақсатта  пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді және қорытындысына сәйкес 9 бұзушылық фактісі анықталды.

Жоба аясында көші-қон қызметі орталығы ашылды. Енді еңбек мигранттарына мемлекеттік қызметтер "жалғыз терезе" қағидаты бойынша көрсетілетін болады. Көші-қон қызметінің қызметкерлері ХҚКО операторларымен бірлесіп, олардың стандарттарын: яғни электрондық кезек, жұмыс орындарының едәуір санын және өтініштерді қабылдау бойынша мамандарды, ыңғайлы жұмыс кестесін қолдана отырып, еңбек мигранттарына жұмысқа рұқсат беретін және ұзартатын болады.

Департаментпен 2018 жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБтК 676 бабына сәйкес (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі) 12 тұлға жауапкершілікке тартылды. Аталған тұлғаларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 5,772,000 теңгені құрайды (бүгінгі күні бюджетке түскен түсім – 1 433 000 теңгені құрайды – 25%).

Осылайша, Ұлттық бюро департаментінен түскен материалдар бойынша көтерме-көкөніс базарының 11 сатушысы ҚР ӘҚБтК 676-бабы бойынша мемлекеттік фитосанитарлық инспекторға заңсыз ақшалай сыйақы беру түрінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны және тауарды фитосанитариялық сертификатсыз сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтсақ, 2018 жылдың мамыр айында карантинді өсімдіктер және фитосанитария бөлімінің қызметкерлері құжаттарды тексеру үшін базарға келген. Зерттеу нәтижесінде сатушыларда жеміс-жидектердің фитосанитарлық нормаларға сәйкестігін растайтын карантиндік сертификат болмағаны анықталды.

Базардың жұмысшылары айыппұлдан құтылу мақсатында, қызметкерге 2000-нан 3000 мың теңгеге дейінгі заңсыз материалдық сыйақы берген.

Вместе с тем, по совместному приказу с ДВД по проведение профилактических мероприятий по пресечению фактов коррупции 18 июля текущего года на пересечении улиц Тилеу батыра и Есет батыра сотрудниками дорожной-патрульной службы Департамента полиции была остановлена автомашина, водитель которой не пристегнул ремень безопасности, тем самым нарушил правила дорожного движения. В целях избежать административной ответственности водитель предложил инспектору незаконное вознаграждение в размере 2000 тенге.

Сонымен қатар, ІІД-нің бірлескен бұйрығы бойынша ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Тілеу батыр және Есет батыр көшелерінің қиылысында полиция департаментінің жол-патрульдік  инспекторларымен қауіпсіздік белдігін тақпай, жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөлік жүргізушісі тоқтатылды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылмау мақсатында жүргізуші инспекторға 2000 теңге көлемінде заңсыз сыйақы ұсынған.

Жоғарыда көрсетілген әрекеттер бейнекамераға түсірілді. Нәтижесінде жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша департамент қызметкерлерімен хаттама жасалып, кейін сотқа берілді. Іс 3 қыркүйекте Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Енді жол ережесін бұзған жүргізушіге жол полицейлерімен 2000 теңгеге келісуге тырысқан әрекеті үшін 481 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келді.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы