скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Департаменттің қызметі туралы

2015 жылға мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу салаларының қорытындылары бойынша ақпарат

 

Мемлекеттік қызметті өткеру бойынша

 

        2016 жылдың 1 қаңтарына Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілердің штат саны 4773 бірлікті құрады.

Нақты саны 2490 адам құрады.

Мемлекеттік органдардағы бос орындар саны 264 бірлікті құрайды. Штаттың қамтылу көрсеткіші – 94,5%.

Мемлекеттік органдардағы әйелдер саны 2534 адам немесе мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 56,7% құрайды

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жас мөлшері 38,5 жыл.

Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейіне талдау келесіні көрсетті:

- жоғары біліммен – 3938 немесе 87,3%.

- ортадан кейінгі кәсіби біліммен  – 560 немесе 12,4%.

- орта біліммен – 11 немесе 0,3%.

Мемлекеттік қызметтегі орташа өтіл 11 жыл, орналасқан лауазымындағы өтілі бойынша орташа еңбек өтілі 3 жыл 9 ай құрады.

2015 жылдың басынан бастап 676 адам немесе 14,2% мемлекеттік қызметтен босатылды, оның ішінде жағымсыз себептермен босатылғандар – 28 адам.

2015 жылдың басынан бастап Ақтөбе облысында барлық санаттар бойынша 843 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарғы конкурс жарияланды, конкурсқа қатысқандар саны 1154 адамды құрады, оның 541 әйелдер немесе 46,9%, бір орынға – 1,4 үміткерден келді. Жеңімпаздар саны – 605.

Өткізілген конкрустар нәтижесінде қалған бос лауазымдар саны – 238 (28,2%).

Кадр резервінен - 114 резервист жұмысқа орналасты, кадр резервінде 70 резервист тұр.

2015 жылдың басынан бастап департаменттің келісімімен ауысу тәртібімен 494 мемлекеттік қызметші тағайындалды, оның ішінде  жоғары лауазымға - 227, бірдей деңгейдегі лауазымға - 178, төменгі лауазымға – 62 және біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне және толық құжаттарды ұсынбауына байланысты 27 мемлекеттік қызметшіге келісім берілген жоқ.

Конкурсқа қатысушылардың болмауының бір себебі тестілеуден өту пайызының төмендігі болып отыр. 2015 жылдың басынан бастап мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға тілек білдірген 3120 үміткер тестілеуден өтті. Оның 966-сы немесе 31,0% тестілеудің шекті мәнінен жоғары нәтижесіне қол жеткізді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш түскен тұлғалара тәлімгерлерді бекіту Ережесіне сәйкес 2015 жылдың басынан бастап 173 тұлғаға тәлімгерлер бекітілді.

2015 жылдың басынан бастап мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында 756 жергілікті атқарушы органдардың  және 358 орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері оқытылды.

 Бүгінгі күні маңызды жұмыс бағыттарының бірі болып «Е-қызмет» АЖ енгізу болып табылады. Ақтөбе облысының «Е-қызмет» АЖ енгізуге жататын 422 мемлекеттік органның барлығы немесе 100 %-ы штаттық режимге көшті.

 

Тәртіптік кеңес жұмысы бойынша

 

         2015 жылы Тәртіптік кеңестің 15 отырысы өткізіліп, онда 72 тәртіптік іс қаралды, оның ішінде 19 іс қысқартылды, 8 тәртіптік іске қатысты материалдар мәні бойынша шешім қабылдау үшін жолданылды, қалған 45 іс бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Тәртіптік кеңес ұсынымдарын орындау аясында мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті және оған теңестірілген 5 тұлғаға атқарып отырған қызметінен босату, 2-не қызметінен төмендету, 10-на қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, ал қалған 28-не тәртіптік шараның басқа түрлері қолданылды (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс).

         Барлық ұсынымдар толық орындалған, Тәртіптік кеңес ұсынымдары негізінде қабылданған жұмыс берушілердің актілері сот тәртібімен бұзылған жоқ (2014 жылы сот тәртібімен  7 факті бойынша бұзылған).

Жоғарыдағы тәртіптік жауапкершілікке тартылған 45 тұлғаның 12-сі сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар, 33 тұлға ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі талаптарын бұзу бойынша тартылған.

         Тәртіптік кеңес отырыстарында 18 әкімдер мен мемлекеттік орган басшылары өздерінің мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтардың және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі талаптарының сақталуы жөнінде қабылданған шаралары туралы тыңдалды, оларға осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша 207 ұсынымдар қабылданды.       

         Тәртіптік кеңестің функцияларын іске асыру аясында мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялардың жұмыстарын үйлестіру бойынша департамент қызметкерлерімен қызметшілердің тәртіптік жауапкершілікке тартылуы жөнінде материалдар тоқсан сайын барлық мемлекеттік органдардан сұратылып, зерделенеді, мониторинг қорытындысы Тәртіптік кеңес отырысында қаралады.

         Осыған сәйкес тәртіптік комиссия жұмысын үйлестіру мәселесі  отырыстарда 3 рет қаралып, қалпына келтіруге жататын кемшіліктерді жою жөнінде тиісті ұсынымдар мен ұсыныстар берілді, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау жөнінде шаралар қабылдау және осы кемшіліктерге жол берген тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.

         Аталған ұсыныстарды орындау қорытындысымен кемшіліктермен қабылданған 31 бұйрықтың күші жойылды, 33 бұйрыққа түзетілген өзгерістер енгізілді, 29 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет саласына департамент қызметкерлерімен 55 тексеріс жүргізілді, оның ішінде 11-і жоспарлы және 44-і жоспардан тыс тексерулер.

         Сондай-ақ, Департамент қызметкерлерімен БАҚ-на жарияланған жағымсыз материалдарды анықтау үшін тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады. Мониторинг қорытындысымен 12 материал анықталып, сынға орай 4 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Өткен жылы Тәртіптік кеңес хатшлығымен жеке және заңды тұлғалардың  228 өтініші қаралды.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

 

         Жалпы айтқанда, Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары 173 түрінен, ал орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшілері 153 түрінен мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

         Есептік мәліметтерге сәйкес, 2015 жылы жергілікті атқарушы органдарымен 3 475 279 қызмет, ал орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшілерімен 1 000 271 қызмет көрсетілген.

         Аталған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау бойынша 26 тексеріс өткізілді.

         Өткізілген тексерістер қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету уақытында, құжаттармен дәлелденетін 11722 заң бұзылушылықтары анықталған.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзғаны үшін, 24 тұлға тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Жыл басынан бастап, Қоғамдық кеңесінің 3 мәжілісі өткізіліп, облыстық деңсаулық сақтау басқармасының, облыстық әлеуметтік қорғау және бақылау департаментінің, ІІД әкімшілік полициясы басқармасының, әділет департаментінің, мемлекеттік кіріс департаментінің, Әйтеке би ауданы әкімшілігінің мемлекеттік қызмет көрсетудің жағдайы туралы, сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жүргізілген тексерістері мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу қорытындысын қарау мәселелері қаралды және аталған бағыт бойынша жұмысты жақсарту жөнінде тиісті ұсыныстар әзірленді.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша

 

       Жыл қорытындысы бойынша Департаментпен 39 мемлекеттік мекемелердің қызметіне, оның ішінде тексеру актісі негізінде -5, бірлескен бұйрық негізінде -34 талдау жүргізілді.

Соның ішінде жоғары органның тапсырмасы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің,  Білім және ғылым министрлігінің, Қаржы министрілігінің және Ұлттық экономика министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің қызметіне талдау жүргізілді.

Мемлекеттік  мекемелерде жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды зерделеу және талдау барысында, олардың пайда болу себептері анықталды:

  • нормативтік құқықтық актілерде олқылықтар мен сыбайлас жемқорлық факторлардың болуы;
  • мемлекеттік мекемелердің ережелері мен қызметтік нұсқаулықтарында  мемлекеттік қызметшілердің жұмыс процесстері сипаттамасының жеткіліксіздігі;
  • лауазымды тұлғалардың шешім қабылдау процессіндегі белгісіздігі;
  • мемлекеттік мекемелердің түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде жүйелік жұмысының болмауы;
  • халықтың және лауазымды тұлғалардың өздерінің құқықтық сауаттылығының төмендігі;
  • мемлекеттік мекеменің ішінде мүдделер қақтығысы реттеу бойынша механизмдерінің болмауы;
  • мемлекеттік мекемелерде құжаттаманың және жазба жүргізудің сапасыздығы.

Департаментпен 82 мемлекеттік қызметтің нақты бизнес-процесстері талданып,  НҚА–да есептелмеген  әкімшілік кедергілердің болуы және   стандарттар мен регламенттер  әзірлеу кезінде  сәйкессіздіктер анықталды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде  анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды қамтитын талдамалық анықтама әзірленді.

Мемлекеттік мекемелер бізбен бірлесіп талдамалық анақтама негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспары әзірледі.

Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстары талданып, оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді.

Осы жұмыс нәтижесінде 36 интернет-ресурсында «Сұрақ-Жауап» сервистері орнатылып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі құрылды.

Сайттарды талдау нәтижесінде Ақтөбе облысы әкімдігінің жаңа интернет-ресурсының  (http://newsite.aktobe.gov.kz/) кұрылуына негіз болды.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы және орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерінің іс-шаралар жоспарларына талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау нәтижесінде жоспарлардың түгелге жуығы Үкіметтің жоспарынан қайталанғандығы, жоспарларды формальды түрде әзірлегендігі, салалық және ынталы шаралардың болмағандығы анықталды.

           Анықталған кемшіліктер негізінде, мемлекеттік мекемелердің спецификасы және өңірлік ерекшеліктерін ескеріп, жоспарларды қайта қарау бойынша ұсынымдар әзірленді.

 

Сыбайлас жемқорлықты сауаттандыру бойынша

 

        Департаментке халықтың сенім деңгейін арттыру, оның ішінде азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды жетілдіру, ақпараттық-имидждік жұмысты жүйелеп, БАҚ-ғы жағымсыз жарияланымдарға уақытылы әрекет ету мақсатында облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аккредиттеуден өтті. Осылайша, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тығыз байланыс орнатылды.

         Жыл қорытындысы бойынша  1014 жарияланым, видеожелі, авторлық мақала, сұхбат, репортаж, тікелей желі, форумдар, онлайн конференция жарияланды. Оның ішінде 99 республикалық ақпарат құралдарында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және азаматтық қоғам өкілдерімен 400-ден астам іс-шара өткізілді.

Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс кестесіне сәйкес мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам өкілдерімен 338 кездесу, оның ішінде Ақтөбе қаласында және  облыстың 12 ауданында көшпелі семинарлар өткізілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлерді өңірлік оқыту орталығымен бірлесе облыстың мемлекеттік қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстелдер мен семинарлар тұрақты өткізіліп тұрады. 

Құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамда нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында облыстың барлық аудандарында мақсатты топтар құрылып, бүгінгі күнде 100 ден астам кездесу өткізілді.

Облыстық, қалалық және аудандық басылымдарда сонымен қатар, облыстық жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарының басты беттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаднамалар орналастырылды.

         Департаменттің Кол-центр және сенім телефоны номерлері көрсетілген осындай жаднамалар қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында «ҚазтрансгазАймақ» АҚ, «Трансэнерго» және «Ақбұлақ» АҚ коммуналдық кәсіпорындары түбіртектерінің сыртқы беттерінде орналастырылды.

        2015 жылы 42 орта-арнаулы, 424 орта (мектептерде), 530 мектепке дейінгі ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып енгізілді. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің тәрбие беру жоспарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу енгізілді.

         Соған қоса, барлық азаматтық жоғары оқу орындарының 2015-2016 жылдарға арналған оқу жоспарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» элективті пәні енгізілді.        

         Бұл бағытта Департамент Ақтөбе облыстық білім басқармасымен бірлесе  бала-бақшаға, бастауыш және жоғары классқа арналған «Бастау» сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім әдіснамасын әзірледі.

         Ашық келісімге 16000 жеке және 90-нан астам заңды тұлға қосылды.

         Департамент қызметі туралы 2 имидждік фильм түсіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 5 ақпараттық баннер және 6 бейнеролик дайындалды. Аталған бейнероликтер «Қазақстан Ақтөбе» телеканалының эфирінде жеті сайын көрсетілді. 

Департаментпен жүргізілген имидждік саясат жеке және заңды тұлғалармен кері байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Тұрақты түрде жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Жыл қорытындысы бойынша 132 адам қабылдау жүргізілсе, оның ішінде облыс аудандарында 109 адамға қабылдау жүргізілді.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы