скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

14.03.2019 г.

Ақтөбе мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеу дағдыларына үйретуге батыс өңірінің мемлекеттік қызметкерлеріне арналған орталыққа айналды

Барлығы кадрға байланысты. Мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеу дағдыларын дамытуға бағытталған тренинг кезінде жетекші сарапшылар мен HR кәсіпқойлар дәл осы пікірге дәйексөз келтірді.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының мемлекеттік органдары кадр қызметінің 40-қа жуық өкілі өңірлік тренингке қатысты.

Астана мемлекеттік қызмет хабымен және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігі, HR менеджерлер ассоциациясы және Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған семинарды персоналды басқару саласындағы сарапшылар Альвина Байжумова мен Гүлмира Кулшарбекова жүргізді.

«Осындай тренингтерді өткізу кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға оң әсер етеді.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі көп жағдайда мамандардың кәсібилігіне байланысты.

Осыған орай, спикерлер мемлекеттік органдардың кадр қызметтердің мамандарына арналған кадрларды жоспарлау, үміткерлерді таңдау және іріктеу, олардың әлеуетін бағалау құралдарын сипаттайтын әдістемелік және тәжірибелік ұсынымдарды әзірледі. Бұл қосымша дағдыларды меңгерудің бірегей алаңы болып табылады», - деді облыстық мемлекеттік қызмет істері Департаментінің өкілі Гүлмира Бисекешева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тренинг екі күнге созылып, соңында барлық қатысушыларға біліктілігін арттырғандығы туралы сертификаттар беріледі. Одан әрі қатысушылар алған дағдыларыды өңірлерде енгізеді.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы