скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

16.06.2017 г.

Ақтөбе облысында жас мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық конкурс өтті

2017 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен «2017 жылғы Ақтөбе облысының үздік жас мемлекеттік қызметшісі» облыстық байқауы өтті.

Конкурс 23 мамыр – мемлекеттік қызметші күнін атап өту аясында жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау, олардың кәсіби тәжірибесін, мемлекеттік қызметке деген жастардың қызығушылығын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Ағымдағы жылдың 2–ші мамырынан бастап 22 мамырына дейін өткен конкурстың бірінші кезеңінде облыстық басқармалар мен департаменттердің, аудан және Ақтөбе қаласы әкімі аппараттарының, бөлімдерінің жасы 30-ға дейінгі барлығы 73 әкімшілік мемлекеттік қызметші қатысты.

Конкурстың ережесіне сәйкес, қатысушылардың барлығы «Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі және меритократия принциптерін күшейту жолдары» және «Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарын іске асырудағы менің рөлім» тақырыбында эссе жазды.

Ағымдағы жылдың 26 мамырында ұсынылған барлық материалдарды зерделеп, конкурстық коммиссия 15 мемлекеттік қызметшіге финалдық кезеңге жолдама берді.

Финалдық кезеңде жас мамандар үш айналымнан өтті. Бірінші айналымда  әр қатысушы ақпараттық технологиялар көмегімен өзін таныстырды және атқаратын қызметі туралы әңгімеледі. Ал, екінші айналымда ҚР заңнамаларын білу деңгейі және ситуациялық тапсырмалардың шешу жолдарын ұсынды. Соңғы айналым үй тапсырмасы «Мемлекеттік қызметші өмірінің бір күні» тақырыбындағы бейнематериалдарды  көрсетті.       

Барлық айналымдар аяқталғаннан кейін, конкурстың қазылар алқасы келесі тұлғаларды жеңімпаздар мен номинанттары  деп айқындады:

«Ең жасампаз жас маман» номинациясына Ақтөбе  қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы – Жұмамұратова Әсел Бауыржанқызы ие болды;

«Ең дарынды жас маман» номинациясына Қобда ауданының  И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы – Қабылов Арман Сағынтайұлы ие болды;

«Ең зияткер жас маман» номинациясына Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының бас маманы–мемлекеттік еңбек  инспекторы – Ерекеев Нұрлан Оразғалиұлы ие болды;

Жүлделі үшінші орынға Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің бас маманы Дәлелхан Гүлайна ие болды;

Жүлделі екінші орынға Ақтөбе  облысы Әділет департаментінің бас маманы Мұқатова Әсел Жұмабекқызы ие болды;

Жүлделі бірінші орынға Ақтөбе  қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің бас маманы Әбдібекова Гаухар Темірбекқызы ие болды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы