скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

16.06.2017 г.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша өзекті мәселелері талқыланды

Агенттіктің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Ақтөбе облысы әкімі аппаратымен бірлесіп Ақтөбе қаласы мен аудандардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерін үйлестіру бойынша бөлімдері басшыларының және де облыстық басқармалары өкілдерінің қатысуымен жиналыс семинарын өткізді.

Шараны өткізу шеңберінде қатысушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша тоқсан сайынғы есептерді қалыптастыру және оны тапсыру тәртібі түсіндірілді, олармен ішкі бақылау аясында жүргізілген бақылау шаралардың кемшіліктері, әкімшілік іс қозғау бойынша қорытындылары, сонымен қатар электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға бағытталған Батыс-Қазақстан облысының үлгісі бойынша «Қол жетімді әкімдік» жобасы мен Атырау облысында іске асырылған, яғни ауылдық елді-мекен жерлерінде жоғары жылдамдығы бар интернет желісімен қамтамасыз ету жобасын еңгізу мәселелері талқыланды.

Семинар соңында, қатысушыларды қызықтыратын сұрақтарына департамент қызметкерлерімен тиісті жауаптар берілді. 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы