скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

10.04.2019 г.

«Мерейлі сәт» жобасы жалғасуда

2019 жылдың 9 сәуірінде «Еңбек, Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті» РММ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы К.М.Өтемуратовтың, зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты салтанатты жиналыс өтті.

Зейнеткерлікке шығу-әрбір адамның өміріндегі ерекше оқиға, өмір жолының үлкен бөлігі өткен, маңызды ашулар мен әрекеттер жасалған және өз қызметінің нәтижесін қорытындылауға және жемісін алуға уақыт болған сәт.

Қ.М.Өтемұратовтың 3 жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1978 жылы 06 қыркүйекте Ақтөбе Мелиорация және су өндірісі басқармасы Шалқар ГЭУ техник лауазымында бастады. Әр жылдары әртүрлі бағыттарда жұмыс істеді. Жалпы еңбек өтілі-36 жыл. Оның ішінде әлеуметтік қорғау саласында 11 жылдан астам. Мемлекеттік қызмет өтілі 20 жылдан асады. Мінсіз іскерлік беделі, белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымы бар.

«Мерейлі сәт» жобасы аясында зейнеткерлікке шығып жатқан мемлекеттік қызметшілерді мадақтау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының және мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық комитеті төрағасының атынан, 36 жылдан астам мемлекеттік қызметтегі мінсіз қызметі үшін әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Қ.М.Өтемуратовқа алғыс хат табысталды.

Сонымен қатар, көп жылдық тәжірибесі үшін, біздің облысты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға қосқан еңбегі үшін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және көші-қон комитетінің төрағасы А. А. Сарбасовтың құттықтау хаты оқылып, құрмет грамотасы табысталды.

«Еңбек, Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті» РММ ұжымы мен басшылық атынан көптеген жақсы тілектер мен алғыстар айтылды.

Іс-шара соңында Қ.М.Өтемуратов барлығына жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, жас мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік қызметте мансаптық өсуді және құрметті демалысқа шығуды тіледі.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы