скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

10.04.2019 г.

Пара алған айыпталушының ұжымы сот отырысына қатысты

10 сәуір күні қалалық № 2 сотында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қаржылық тергеу бөлімі басшысының міндетін атқарған Берікқали Мерейге қатысты қылмыстық ісінің үкімі жарияланды.

 Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, ол ЖШС басшылығынан заңсыз кәсіпкерлікке байланысты қылмыстық істі қысқарту мақсатында 1,7 миллион теңге сомасында пара алғандығы үшін айыпталуда.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық соттың арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында, отырысқа туыстары мен БАҚ өкілдерінен басқа сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында айыпталушының бұрынғы ұжымы да қатысты.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы