скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

16.06.2017 г.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ студенттермен кездесті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша құрылған арнайы үгіттемелік топ М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде студенттермен кездесті.

Насихаттау тобының мақсаты - мемлекетпен жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты кең ауқымда түсіндіріп, қоғамда сыбайлас жемқорлық атты қауіпті дертке қарсы төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.

Аталған жоба облыстық қоғамдық бірлестіктердің және Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Топ құрамында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, облыстық кәсіподақ және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, БАҚ қызметкерлері бар.

Департамент өкілдері сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың мемлекет үшін де, қоғам үшін де аса қауіпті дерт екенін атап өтіп, оның алдын алу шараларының маңыздылығына тоқталды.

Алдағы уақытта аталған жедел топ өз жұмысын басқа ұжымдарда жалғастыратын болады. 

Шара соңында студенттерге «Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу» және «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі» тақырыптарында жаднамалары таратылды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы